Демократия

Грек тілінен аударғанда «халық билігі» дегенді білдіреді. Қоғамның барлық мүшесінің сөзін елеуге тырысатын саяси жүйе. 




Демократияның негізгі мақсаты адам құқығы мен бостандығын қорғау. Азаматтар елдегі жағдайға тікелей немесе өзі сайлаған депутаттар арқылы әсер ете алады. 


Демократияның басқа жүйелерден айырмашылығы:


– Халық билік көзі. Адамдар елдің заң шығарушы органы (парламент) мен ел басшысын (президент) сайлайды.


– Таңдау еркіндігі. Азаматтар шешімдерін өздері қабылдайды, ешқандай қысым көрсетілмейді.


– Тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдары. Олар халыққа бейтарап, әр түрлі ой айтылған ақпарат береді. 


– Плюрализм пікір алуандығы. Ешқандай саяси идеология міндетті бола алмайды. 


– Партиялардың көп болуы. Үнемі ауысатын билеуші партиясы мен қудаланбайтын оппозициялық партиясы бар. 


– Адам құқығын құрметтеу. Барлығының, тіпті азаматтығы жоқ адамдардың негізгі құқық пен бостандығы болуы тиіс. Мемлекеттің басты құндылығы  адам. 


– Халықтың пікірін ескеру. Маңызды саяси шешімдер көпшіліктің қалауымен қабылдануы тиіс. Бірақ азшылықтың да ойы еленуі керек.


Маңызды: демокартия саяси көзқарас деген сөз емес, ол кез келген режимде бола алады.


 


29/07/2020 11:23 5887 0

29/07/2020
11:23 5887 0

Поделиться

Нет комментариев.

Уведомление